
Елдана өзбек қызын үйіне қайтарып, ширек финалға жолдама алды
Сербияның Ниш қаласында бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде рингке шыққан Алуа Балқыбекова мен Елдана Тәліпова бірінші жекпе-жегін сәтті өткізіп, жеңіске жетті.
Алуа Балқыбекова 50 келі салмақта Кениялық Вероника Нзиваның әлеуетін байқап көрген. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ қызына берді, есеп – 5:0.
Алуа 1/8 финалда Марокко боксшысы Ясимн Мутаккимен жұдырықтасады.
Ал, 81 келіде өнер көрсететін Елдана Тәліпова болса бүгін өзбек қызы Олтин Сотимбаеваны жарыс жолынан шығарды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Қазақстан өкіліне берді.
Айта кету керек, қос боксшы бір ай бұрын Таиландта өткен Король кубогінің финалында да жолыққан. Ол кезде де Елдана жеңіске жетіп, жарыс чемпионы атанған болатын.
Енді Елдана Тәліпова сербиялық Сара Миляковичпен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.