Жайна Шекербекова әлем чемпионатының 1/8 финалына жекпе-жексіз өтті

10.03.2025, 16:41

Бүгін тағы бір боксшымыз рингке шығады

Жайна Шекербекова әлем чемпионатының 1/8 финалына жекпе-жексіз өтті
Қазақстан бокс федерациясы

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық келесі айналымға шықты.

54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жайна Шекербек қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты жекпе-жексіз жеңіске жетті. 

Енді келесі айналымда Жайна мексикалық Джинетте Ариадна Гил Алонсомен жұдырықтасады. Бір қызығы, мексикалық боксшының да бірінші айналымдағы қарсыласы жекпе-жектен бас тартқан.

Бұдан бөлек, бүгін рингке 52 келідегі Анита Әбішева шығады. Оның қарсыласы – мексикалық Жасмин Эсмиральда Хуарес.

Бұған дейін екі боксшымыз бірінші айналымда жеңіске жеткен болатын. Атап айтқанда, Алуа Балқыбекова (50 кг) кениялық Вероника Нзивадан басым түссе, Елдана Тәліпова (81 кг) өзбек қызы Олтин Сотимбаеваны жарыс жолынан шығарды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам