
Үш боксшы алғашқы айналымнан қиындықсыз өтті
Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Анита Адишева (52 кг) бірінші айналымда жеңіліс тапты.
19 жастағы қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін мексикалық Жасмин Эсмиральдо Хуарес Патиноға қарсы өткізген. Адишева үш раунд бойы қарсыласын үздіксіз шабуылдап, сауатты қорғана білді. Тіпті, үшінші раундта мекскалықты нокдаунға да жіберген. Соған қарамастан, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Хуарес Патиноға берді.
Осылайша Анита Адишева жарысты 1/16 финалдан аяқтады.
Әлем чемпионатының алғашқы күні Алуа Балқыбекова мен Елдана Тәліпова қарсыластарын қиындықсыз жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын. Ал, бүгін Жайна Шекербек қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты жекпе-жексіз жеңіске жетті және 1/8 финалға жолдама алды.