Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанның жас боксшылары Будвада 27 медаль жеңіп алды

11.03.2025, 09:18

Былғары қолғап шеберлері 4 алтынды қоржынға салды

Қазақстанның жас боксшылары Будвада 27 медаль жеңіп алды
ҰОК

Черногорияның Будва қаласында бокстан кіші Әлем кубогы аталып кеткен «Адрия інжуі» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан жастар құрамасы 27 медальға қол жеткізді.

Былғары қолғап шеберлері аталмыш жарыста 4 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.

Алтыннан алқа таққан боксшылар: Нығман Нығмет (57 келі), Жасұлан Бердалы (75 келі). Әйелдер арасында: Регина Тибянова (57 келі), Ақбота Есімбекова (66 келі).

Күміс жүлдеге ие болғандар: Алдияр Баһадүр (54 келі), Игорь Соловьев (75 келі), Санжар Сейітхамит (92 келі), Бексұлтан Қайратұлы (92 келіден жоғары). Әйелдер арасында: Рахмина Абдумажитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары).

Қола жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұрхан Құмарбеков (48 келі), Бексұлтан Қожамжар (48 келі), Айдос Үсенов (51 келі), Әли Мұрат (54 келі), Бауыржан Мұратов (57 келі), Ердәулет Саит (60 келі), Әлихан Әскер (63,5 келі), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 келі), Сұлтан Тұрдалы (67 келі), Бекарыс Нұрмұхан (71 келі), Бейбарыс Әшірбай (71 келі). Әйелдер арасында: Толғанай Қасымхан (60 келі).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам