
Карлос Адамес кез келген қарсыласпен жекпе-жекке дайын екенін айтады
WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамес өзін әлемдегі ең мықты боксшы деп санайды. Спортшы өзінен асқан мықты боксшы бар екеніне шүбә келтіріп отыр.
22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте Адамес британдық Хамза Ширазбен тең нәтиже көрсетті. Алайда чемпион өз жеңісіне еш күмән келтірмей, төрешілердің шешімін әділетсіз деп есептейді.
«Менің бүгінгі таңда орта және екінші орта салмақтағы ең мықты боксшы екеніме еш күмәнім жоқ. Маған қарағанда мықтырақ, техникалық жағынан шебер біреу бар ма? Айтыңызшы. Көпшілік маған сенімсіздік танытты. Бірақ мен қиындықтарға қарамастан Сауд Арабиясына барып, ауа райы мен уақыт айырмашылығына бейімделіп, қатарынан 15 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшыны жеңдім. Мен әрқашан кез келген шақыруды қабылдаймын. Қазіргі таңда орта және екінші орта салмақта мені ешкім жеңе алмайды», – деп жазды Адамес Х әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, орта салмақтағы WBO және IBF белбеулері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Бұған дейін Карлос Адамес «Қазақ стилін» өзімен жекпе-жектен қашып жүр деп айыптаған болатын.