
Бүгін 50 келіде қазақстандық Нұрзат Оңғаров пен өзбекстандық Асылбек Жалилов өзара мықтыны анықтайды
Бразилияда жалауын көтерген бокстан Әлем кубогінде Қазақстан құрамасынан алғашқы болып рингке шыққан Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әлем кубогін биыл алғаш рет World Boxing ұйымы өткізіп жатыр. Оған ұйымға мүше жүзден астам елдің боксшылары қатысуда.
1/8 финалда Нұрсұлтан Алтынбек Париж Олимпиадасына қатысқан бразилиялық Михаэль Триндамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Михаэль Тринда 2021 Әлем чемпионатының ширек финалында тағы бір қазақ боксшысы Махмұд Сабырханнан да жеңіліп қалған болатын.
Енді Нұрсұлтан Алтынбек келесі айналымда француздық Билал Беналимен жекпе-жек өткізеді.
Еске салайық, бүгін 50 келіде қазақстандық Нұрзат Оңғаров пен өзбекстандық Асылбек Жалилов өзара мықтыны анықтайды.