Головкин ұлттық құрамадағы боксшылардың жаттығуын өзі тексереді

ҰОК басшысы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарына қатысады

ҚБФ
ҚБФ

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Бұл туралы бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов және вице-президенті Болат Абрахмановтың Головкинмен кездесу барысында белгілі болды.

«Кездесуде ұлттық құраманың маңызды жарыстарға дайындығы талқыланды. Сондай-ақ, Геннадий Геннадьевичтің алдағы уақытта бокстан Қазақстан командасының оқу-жаттығу жиынына баратыны айтылды», - деп жазылған федерацияның хабарламасында.

Бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов бастаған ерлер құрамасы Түркістан облысы “Алматау” спорт базасындағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылаған болатын.

18 күнге жалғасқан дайындықтан соң боксшылар аз күн демалған соң бірнеше құрамға бөлініп, Таиландағы және Еуропадағы халықаралық турнирлерге қатысады. Сондай-ақ, келесі жаттығу жиыны 26 мамыр күні Ақмола облысындағы Щучинск қаласында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам