
Турнир Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді
World Boxing ұйымдастыратын Әлем кубогында бақ сынайтын Қазақстан боксшылары анықталды.
Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, Астанада өтетін Әлем кубогына Қазақстан ұлттық құрамасының бірінші нөмірлі боксшылары қатысады.
Алдын ала жарияланған тізім мынадай:
• 50 кг — Санжар Тәшкенбай
• 55 кг — Махмұд Сабырхан
• 60 кг — Серік Теміржанов
• 65 кг — Ертуған Зейноллинов
• 70 кг — Абылайхан Жүсіпов
• 75 кг — Сабыржан Аққалықов
• 80 кг — Нұрбек Оралбай
• 85 кг — Бекзад Нұрдәулетов
• 90 кг — Сағындық Тоғамбай
• 90+ кг — Айбек Оралбай
Турнир Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Негізі бұл бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі болуы тиіс еді. Алайда қазір бұл мәселеге қатысты біраз түсінбестік бар. Өйткені екінші кезең күтпеген жерден Варшавада өтіп кетті. Қазақстан құрамасы оған қатысқан жоқ. Себебі бастапқыда бұл жарыс «Феликс Штамм» турнирі ретінде жоспарланған еді. Ал Әлем кубогының мәртебесі оған ең соңғы сәтте ғана берілді.