Жеңілмеген атақты боксшы Шакур Стивенсон көмекке қазақ жігітін шақырды

12.06.2025, 17:19

Стивенсон мексикалық Уильям Сепедамен жекпе-жек өткізеді

Жеңілмеген атақты боксшы Шакур Стивенсон көмекке қазақ жігітін шақырды
әлеуметтік желі

WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Шакур Стивенсон (23-0, 11 KO) қазақ боксшысы Нұртас Әжбеновті (16-1, 6 КО) өз лагеріне шақырды.

Стивенсон мексикалық Уильям Сепедамен (33-0, 27 KO) жекпе-жек өткізеді. Бокс кеші 12 шілде күні Нью-Йорктегі Луис Армстронг стадионында болмақ.

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында промоутер Жалғас Тукешов хабарлады. Оның айтуынша, қазақстандық Нұртас Әжбенов бұл жекпе-жекке дайындық барысында Шакурға спарринг-серіктес ретінде көмектеседі.

Нұртас Әжбенов өзінің соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Ақтөбеде өткізіп, отандасы Заманбек Данабековты (4-2, 2 KO) жеңіп, Қазақстан кәсіпқой боксы комиссиясының нұсқасы бойынша жеңіл салмақта чемпион атанған болатын. Әжбенов келесі кездесуін АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр ма, ол әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам