Данияр Елеусінов пен Иван Дычко АҚШ-та рингке шығады

12.06.2025, 09:29

Әзірге қарсыластарының есімдері жарияланған жоқ

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко АҚШ-та рингке шығады
әлеуметтік желі

IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) пен аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко (14-0, 13 КО) рингке қайта оралатын күн белгілі болды.

Қос боксшының келесі жекпе-жектері 19 шілде күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында өтеді деп жоспарланған. Алайда әзірге қарсыластарының есімдері жарияланған жоқ.

Қазір Данияр мен Иван Питтсбург қаласының маңында орналасқан жаттықтырушы Том Янкеллоның залында дайындығын пысықтап жатыр.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда жұдырықтасып, филиппиндік Джо Нойнаны (23-5-2, 11 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Ал Иван Дычко 2024 жылдың тамыз айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсіргеннен кейін рингке шықпаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам