ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Баходир Жалолов Нью-Йоркте жекпе-жек өткізеді

13.06.2025, 14:08

Өзбек боксшысының қазіргі рекорды – 15-0

Баходир Жалолов Нью-Йоркте жекпе-жек өткізеді
olympic.uz

Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов 26 шілдеде әйгілі Madison Square Garden аренасында рингке шығады.

Жалолов Астанадағы бокс кешінде төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткенімен, оның украиналық Игорь Шевадзуцкиймен өткізген жекпе-жектегі сылбыр қимылы
көрерменнің көңілінен шыққан жоқ. Енді араға бір ай салып Баходир Нью-Йорктегі ең әйгілі ареналардың бірінде – Madison Square Garden-де жұдырықтасады. Оның қарсыласы – италиялық Джанмарко Кардилло. Бұл боксшының еншісінде 12 жеңіс пен 1 жеңілісі бар.

Өзбек боксшысының қазіргі рекорды – 15-0. Алайда Қазақстан астанасында ол айқасын мерзімінен бұрын аяқтай алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам