Азия чемпионатында Сәрсекбаевтың шәкірттері 22 алтын медаль жеңіп алған
Парламент Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов жастар құрамасын жаттықтырып жүрген Бақыт Сәрсекбаевтың әлеуеті жайлы айтты.
Естеріңізде болса, 2025 жылы Коломбодағы (Шри-Ланка) Азия чемпионатында Сәрсекбаевтың шәкірттері 22 алтын медаль жеңіп алып, командалық есепте топ жарды. Қасқарауовтың сөзінше, мұның бәрі Сәрсекбаевтың ұлттық құраманың тізгінін алуға дайын екенін көрсетеді.
«Бақыт Сәрсекбаев Бежің олимпиадасында өнер көрсеткенде, сол жақта мен де болдым. Оның айтқан сөздерін бақылап жүремін, ойын нақты жеткізеді, өткір сөйлейді. Қазіргі бапкерлергдің тәжірибесі де мол екеніне күмән жоқ, бірақ Бақыттың көзінде от бар. Өз ісіне берілген жан екенін көреміз. Жарысты да көрдім, энергиясы мен ықыласы мол. Бірақ соңғы шешімді бұл мамандар айтатын шығар», - деді мәжілісмен.