
Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогының бесінші жарыс күнінде бес қазақстандық боксшы рингке шығады.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыста 4 боксшымыз жартылай финалға және біреуі финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Кешкі сессия | Басталуы – 19:00
2-жұп. 51 келі. Ширек финал
Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Юна Нишинака (Жапония);
4-жұп. 65 келі. Ширек финал
Сукйонг Канг (Оңтүстік Корея) – Аида Әбікеева (Қазақстан);
5-жұп. +80 келі. Жартылай финал
Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) – Елдана Талипова (Қазақстан)
Ескерту: Елдана бұл қарсыласынан 2024 жылғы Азия чемпионатында және 2025 жылғы әлем чемпионатында басым түскен.
6-жұп. 65 келі. Ширек финал
Хюго Грау (Франция) – Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан);
8-жұп. 90 келі. Ширек финал
Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Емра Ясар (Түркия)
Емра Ясар – 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы
Қазақстандық боксшылар жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңі 6 шілдеде өтеді.