ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Сағындық Тоғамбай қола жүлдені қанағат тұтты

Бүгін, 01:49

Жерлесіміз Түркия өкілі Эмра Яшармен жұдырықтасты.

Сағындық Тоғамбай қола жүлдені қанағат тұтты
бокс федерациясы

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында тағы бір боксшымыз жарысты аяқтады. Түркістан облыының боксшысы Сағындық Тоғамбай (90 келі) жартылай финалда сүрініп, қола жүлдегер атанды.

Жерлесіміз Түркия өкілі Эмра Яшармен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен түркиялық келесі айналымға өтті.

Есесіне 65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты. Ширек финалда ол Франция елінің өкілі Хюго Грауға қарсы қолғап түйістірді.

Бірінші раундта төрешілер француз боксшысына басым ұпай берген еді. Соңғы екі раундта Зейнуллинов қарсыласынан жартылай финалға жолдаманы жұлып алды. Осылайша, ол кем дегенде қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, ел құрамасынан 4 шілдеде Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары)жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам