
Ермахан Жақпеков 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен.
Қазақстан құрамасының тәжірибелі боксшысы, Азия чемпионатының жүлдегері Ермахан Жақпеков кәсіби спорттағы мансабын аяқтауға мәжбүр болғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады.
«Өмір әркімді әрқалай сынайды. Мен өзімнің бокс жолымды аяқтауға мәжбүрмін. Жарақат тоқтауға себеп болды. Бокс – менің өмірімнің үлкен бөлігі еді. Бұл спорт маған күш-жігер, тәртіп, мінез және шынайы адамдарды сыйлады. Мен басымды тік көтеріп, ризашылықпен кетіп барамын. Бұл – соңы емес, жаңа бастама. Енді менің күресім рингтен тыс жалғасады», – деп жазды Жақпеков.
Ермахан Жақпеков 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Оның бауыры Ерасыл Жақпеков те ұлттық құрамада жұдырықтасқан. Екі ұлын да әкесі Талғат Жақпеков дайындаған.
Жақпеков бір кездері 2021 жылғы әлем чемпионы жапониялық Севон Окадзавоны жеңіп кеткені бар. Кейін жапон боксшысы Асланбек Шымбергеновтен басым түскен.