ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Нұрбек Оралбай World Boxing Cup финалында жеңілді

06.07.2025, 14:34

Ол франциялық Иожерлин Сезарға есе жіберді

Нұрбек Оралбай World Boxing Cup финалында жеңілді
ҰОК

Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінде күміс жүлдегер атанды.

80 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Әлем кубогінің финалында франциялық Иожерлин Сезармен күш сынасып, өкінішке қарай, қарсыласынан ұтылып қалды.

Төрешілер шешімі бойынша қарсыласы Иожерлин Сезар жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Назым Қызайбай мен Махмұд Сабырхан турнир жеңімпазы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам