ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогында қоржынға 6-алтынды салды (ВИДЕО)

06.07.2025, 19:21

Боксшы Джей Брайан Барикуатромен (Филиппин) кездесті

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогында қоржынға 6-алтынды салды (ВИДЕО)
ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының сапында өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай Астанадағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Джей Брайан Барикуатромен (Филиппин) кездесті. 

Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде алты алтын және бір күміс медаль бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Наталья Богданова (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын. Ал Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам