ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстанның ең жас сұлу боксшысы кәсіпқой бокста бақ сынайды

09.07.2025, 16:07

Боксшы Элина Базарова кәсіби рингте алғаш рет өнер көрсетеді

 

Қазақстанның ең жас сұлу боксшысы кәсіпқой бокста бақ сынайды
ҰОК

Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Элина Базарова кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бокс кеші 11 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Элина Базарова бұған дейін әуесқой бокста Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы және Азия чемпионы атанған болатын.

Бұл жолы ол өзбекстандық атақты боксшы Ситора Шоғдаровамен қолғап түйістіреді. Шоғдарова - 2021 жылғы Азия чемпионатының финалисі және жастар арасында Азия чемпионы. Сонымен қатар ол кәсіби рингте екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де сенімді жеңіске жеткен.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Шри-Ланкада өткен 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында Элина Базарова алтын медаль жеңіп алып, турнирдің ең үздік боксшысы болып танылды.

Оған қоса, дәл осы бокс кешінде Дулат Бекбауов кәсіби мансабындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ал Саматәлі Төлтаев кәсіби деңгейдегі алтыншы жекпе-жегіне шығады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам