ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Жоғалтып алдым». Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі таппай жатыр

Бүгін, 08:37

Карлос Адамеске кезекті үндеуін арнады.

«Жоғалтып алдым». Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі таппай жатыр
Фото: X/Janibek Alimkhanuly

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Карлос Адамеске үндеу жолдады

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын иеленген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Доминикан Республикасы атынан өнер көрсететін WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеске кезекті үндеуін арнады.

«Біреу Карлосты көрді ме? Ол жоғалып кетті. Егер оны көрсеңіздер, жекпе-жекке келісімшартқа қол қоюын сұраңыздар! Карлос, мен сенің қорқынышты түсіңмін!Ол күйзелісте! Ол тығырықта! Ол үнсіз отыр. Себебі өзі де, менеджері де үстел үстінде келісімшарт жатқанын біледі!» – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде (X, бұрынғы Twitter).

Бұған дейін Жәнібек Карлос Адаместі келісімшартқа қол қоюдан бас тартқаны үшін «қорқақ» және «шошынып қалған кішкентай қоян» деп атаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам