Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Финалда Өзбекстан боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңіске жетті

11.08.2025, 14:32

Финалдағы бес жігіттің бесеуі де өзбек боксшыларымен кездесті.

Финалда Өзбекстан боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңіске жетті
бокс федерациясы

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының (U22) финалдық сессиясында Қазақстан боксшылары үш алтынға қол жеткізді.

Ерлерден соңғы болып жұдырықтасқан 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегіТемірлан Мұқатаев өзбекстандық Шахзод Полвоновтан басым түсті.

Сөйтіп Қазақстан үш алтын, екі күміс, екі қола медальмен жарысты аяқтады. Финалдағы бес жігіттің бесеуі де өзбек боксшыларымен кездесті. оның үшеуі чемпион атанса, екеуі есе жіберді.

Айта кетейік, Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия біріншілігі World Boxing ұйымы өткізген алғашқы құрлықтық чемпионат болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам