
Қазақ боксшысы шоу көрсетті
Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионатында 22 жасқа дейін Қазақстан ұлдар құрамасы екінші алтынды жеңіп алды.
Бұл жолы 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Санжарәлі Бегалиев топ жарды. Ол финалда өзбекстандық Рахматулло Бойматов осал тұсын тапты.
Жекпе-жек өте тартысты өтті. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен Бегалиевті жеңімпаз деп таныды.Бірінші раундта рефери қазақстандық боксшыдан бір ұпай алып тастағанына қарамастан Санжарәлі жеңісті жұлып алды. Бойматов күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия біріншілігі World Boxing ұйымы өткізген алғашқы құрлықтық чемпионат болды.