Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Мырзағали Айтжановтың «Странджа кубогіне» кімдерді апаратыны белгілі болды

26.01.2024, 08:56

Аталған жарыс «Кіші әлем чемпионаты» деп аталып кеткен

Мырзағали Айтжановтың «Странджа кубогіне» кімдерді апаратыны белгілі болды
Қазақстан бокс федерациясы

Ақпанның 2 мен 12 аралығында Болгария астанасына әлем елдерінің кіл мықты боксшылары жиналады. Өйткені мұнда дәстүрлі «Странджа кубогі» сарапқа салынады.

Лицензиялық турнир алдындағы осынау жарысқа Қазақстаннан 10 боксшы аттанғалы отыр. Құраманың бас бапкері олардың тізімін жариялады.

51 кг: Санжар Тәшкенбай

54 кг: Дәулет Молдашев

57 кг: Оразбек Асылқұлов

60 кг: Руслан Күзеубаев

63,5 кг: Ерасыл Таңқай

67 кг: Дулат Бекбауов

71 кг: Талғат Шайкен

75 кг: Нұрқанат Райыс

80 кг: Тұрсынбай Құлахмет

86 кг: Абзал Құттыбеков

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына лицензия беретін жарыс ақпан айының соңында Италияда басталады. Оған былтыр Қазақстан спартакиадасында жеңімпаз болған боксшылар аттанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам