Кроуфорд әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр
Алғашқы жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) америкалық әйгілі боксшы Теренс Кроуфордпен (40-0, 31 КО) бірге жаттығу жасады. Осынау сәт түсірілген видеороликті ол өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.
Видеода Кроуфордтың Жүкембаевқа кеңес айтып жатқанын аңғаруға болады. Қазақ боксшысының өзі де әлеуметтік желідегі парақшасына «Әлемдегі ең мықты боксшыдан ақыл-кеңес алып жатырмын» деп жазып қалдырыпты.
Еске салайық, Батыр Жүкембаев өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр 14 желтоқсанда француз Мохамед Мимунға қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Жүкембаев біраз уақыттан бері Теренс Кроуфордтың спарринг-көмекшісі екенін де айта кету керек.