
Осыған дейін әлем чемпионы атанған төрт боксшы Руслан Берденовке видео жолдап, ризашылықтарын айтқан
Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.
Спортшы Instagram желісінде Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшылармен түскен суретін бөлісті. Суретте спортшылармен бірге Шымкент қаласының әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденов те бар.
«Өмір – ринг. Кедергілер – біздің қарсыласымыз. Шаршы алаңда қанымыз бен терімізді қатар төгеміз. Әрбір соққы бізді күшейте түседі», – деп жазды Сабырхан.
Айта кетейік, Руслан Берденов бұған дейін жараланып, біраз уақыт ауруханаға төсегіне танылған. Қазіргі таңда ол сауығып, қоғамдық шараларда және спортшылармен бірге жиі көрінуде. Күні кеше Алматыдағы «Қайрат» пен «Реал» ойынды тамашалағанын әлеуметтік желіге бөліскен.
Осыған дейін әлем чемпионы атанған төрт боксшы Руслан Берденовке видео жолдап, ризашылықтарын айтқан .