Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Боксшы Цзю жол апатына ұшырады

15.10.2025, 10:42

27 жастағы спортшы кәсіби рингте 11 жекпе-жек өткізген

Боксшы Цзю жол апатына ұшырады
Mark Evans / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Аустралия атынан өнер көрсететін боксшы Никита Цзю жол-көлік апатына түсіп, жеңіл жарақат алған. Бұл туралы оның No Limit Boxing промоутерлік компаниясының өкілі Тим Эшворт мәлімдеді.

Апат демалыс күндері болған. Боксшының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қазіргі таңда оның жағдайы жақсы.

«Никита Цзю демалыс күндері жол апатына түсті. Қиылыста ол отырған көлікке басқа автокөлік соғылған. Никита жеңіл жарақат алып, қазір үйінде емделіп жатыр», - деді Эшворт Boxing Scene басылымына берген сұхбатында.

Боксшы жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлаған еді, алайда апаттан кейін бұл жоспардың тағдыры белгісіз. Рингке оралу мерзімі алдағы апталарда анықталмақ.

Никита Цзю соңғы жекпе-жегін тамыз айында өткізіп, Солтүстік Македония боксшысы Лулзим Исмаилиді бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
27 жастағы спортшы кәсіби рингте 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (оның 9-ы – нокаутпен). Ол – бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, бірінші жартылай орта салмақта аты аңызға айналған Константин Цзюдің ұлы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам