![Ангелина Лукас жекпе-жек алдындағы пресс-конференцияға қазақы әшекейде келді (ФОТО)](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/01/30/65b945098297a807477556.jpeg)
Ол салмақ өлшеу рәсімінен де сәтті өтті
31 қаңтарда қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін пәкстандық Рома Юсафпен жұдырықтасады. Жекпе-жек кеші Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді.
26 жастағы Лукас жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, пресс-конференцияға да қатысып үлгерді. Айта кетерлігі, журналистермен кездесуге қазақстандық боксшы қыз қазақ ұлтының әшекейі – шекелік тағып келді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желі қолданушыларының сүйіспеншілігін тудырды.
Еске салайық, бұл Ангелина Лукастың кәсіби бокстағы жетінші жекпе-жегі. Бұған дейінгі алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, соңғы кездесуде Чили боксшысы Даниэла Асенходан жеңіліп қалды.