Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Көп еңбектену керек»: Бокс федерациясы Надежда Рябецтің айыптауына жауап берді (ВИДЕО)

31.01.2024, 00:26

Боксшы ірі халықаралық жарыстарға қатыстырмағаны үшін өкпелі екенін жасырмады

«Көп еңбектену керек»: Бокс федерациясы Надежда Рябецтің айыптауына жауап берді (ВИДЕО)
Қазақстан бокс федерациясы

Қыздар боксынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, жастар арасында Азия чемпионы, Токио олимпиадасына қатысушы Надежда Рябец небәрі 23 жасында спорттық мансабын аяқтады. Ол өзінің мұндай қадамға баруына саладағы былық пен басшылықтың әділетсіздігі себеп болды деген еді.

Спортшы қыздың мұндай айыптауына алдымен Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Шамиль Сафиуллин жауап берсе, артынша Қазақстан бокс федерациясының Instagram-парақшасында ел спартакиадасының финалындағы Рябец пен Богданова арасындағы жекпе-жектің видеосы жүктелді.

Айта кетейік, Спартакиада жеңімпазы Қазақстан құрамасындағы номері бірінші боксшы атанып, ірі жарыстарға барады. Аталған біріншілікте Наталья Богланова чемпион болғандықтан, былтырғы Азия ойындарына бапкерлер соны апарған. Яғни, Федерация өз шешімін барынша әділ болғанын дәлелдеу үшін осынау видеоны жұрт назарына ұсынып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам