Ол қазіргі таңда спорттық мәселелерді ойламайтынын атап өтті
Абсолютты чемпион Теренс Кроуфорд жеңіл салмаққа ауысып, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы The Ring басылымы жазды.
Америкалық боксшыдан болашағы мен жаңа дивизионға ауысу жоспары туралы сұралғанда, ол қазіргі таңда спорттық мәселелерді ойламайтынын атап өтті.
– Алда не істейтініңді ойладың ба? Орта салмаққа өту ойыңда бар ма? Жәнібекке көз салып жүрсің бе?
– Мен қазір демалып жүрмін. Ештеңеге алаңдамаймын. Қазір тек балаларым жайлы ойлаймын, басқа ештеңе емес, – деді Кроуфорд.
Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы WBO, IBF және WBA титулдары үшін кубалық Эрисланди Ларамен біріктірілген жекпе-жекке шығады. Бұған дейін Теренс Кроуфорд осы айқасты жіті бақылап көретінін мәлімдеген, себебі ол тағы бір салмақ дәрежесін бағындыруға қызығушылық танытып отыр.