Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Реал» футболшылары Алматыда қымыз бен шұбат ішуден бас тартқан

13.10.2025, 18:21

Командамен бірге Алматыға «Реалдың» жеке бас аспазы да келген

«Реал» футболшылары Алматыда қымыз бен шұбат ішуден бас тартқан
“Реал Мадрид” ФК

«Реал Мадрид» футболшылары Алматыға келген сапарында ерекше тамақтану режимін ұстанды. Команда ойыншылары қазақтың дәстүрлі сусындары – қымыз бен шұбаттан бас тартып, тек өздерінің арнайы мәзірі бойынша дайындалған тағамдарды тұтынған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қонақүй қызметкерлерінің айтуынша, футболшылардың таңғы, түскі және кешкі астары басқа қонақтардан бөлек, арнайы дайындалған 10-қабаттағы жеке мейрамханада берілген. Командамен бірге Алматыға «Реалдың» жеке бас аспазы да келген. Ол сапар алдында мәзірді алдын ала жіберіп, әр тағамның дайындалу процесін жеке бақылап отырған.

«Олардың тағамдары теңгерімді тамақтануға арналған. Барлық өнім жаңа әрі жоғары сапалы болуы тиіс еді. Тіпті, олардың өздерінің ерекше десерті бар — йогурт қосылған торт. Рецептін бізге қалдырып кетті, дәмі өте жеңіл әрі пайдалы», — дейді отельдің шеф-кондитері Екатерина Менжею.

«Біз қымыз бен шұбат ұсынып көрдік, бірақ олар бас тартты — шамасы, «Қайратқа» қарсы маңызды ойын алдында тәуекел еткісі келмеген шығар. Барлық тағам жергілікті өнімдерден дайындалғанымен, олардың бас аспазы әр тағамды жеке тексеріп, команда талаптарына сай екеніне көз жеткізіп отырды», — дейді қонақүйдің тағам және сусындар бөлімінің директоры Мақсат Құттыбулатов.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасы матчы үлкен қызығушылық тудырды. Кездесу 0:5 есебімен испандықтардың пайдасына аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам