ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Боранбаев «Кайраттың» Чемпиондар лигасындағы табысын ашып айтты

12.11.2025, 16:12

Қазір «Кайраттың» еншісінде бір ғана ұпай бар

Боранбаев «Кайраттың» Чемпиондар лигасындағы табысын ашып айтты
kazfootball.kz

Алматылық «Кайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев команда тарихындағы ең табысты маусымның қаржылық нәтижелерін жария етті.

Чемпиондар лигасындағы осы маусымның жалпы табысы шамамен 35 миллион еуроны құрайды. Бұл көрсеткішке демеушілерден түскен қаржы, билет сатылымдары және УЕФА-ның төлемдері кіреді. Барлығы қосқанда бұл шамамен 21 миллиард теңге, — деді Боранбаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.

Төрт тур қорытындысы бойынша алматылық клуб топтық кезеңнің жалпы рейтингінде 34-орында тұр. Қазір «Кайраттың» еншісінде бір ғана ұпай бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам