ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Кайрат» Алматыдағы Орталық стадион үшін УЕФА-дан 80-нен астам ескерту алған

13.11.2025, 15:14

Алматыдағы Орталық стадион заманауи талаптардың ешқайсына сай келмейді

«Кайрат» Алматыдағы Орталық стадион үшін УЕФА-дан 80-нен астам ескерту алған
kazfootball.kz

Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына сай болмай шықты. «Кайрат» футбол клубы шотландиялық «Селтикпен» өтетін Чемпиондар лигасы матчы алдында УЕФА комиссарынан 80-нен астам ескерту алған. Бұл туралы клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Baitassov Live YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Боранбаевтың айтуынша, Алматыдағы Орталық стадион заманауи талаптардың ешқайсына сай келмейді.

«Біз «Селтикпен» ойнаған кезде матчты толықтай УЕФА ұйымдастырды. Комиссар келіп, стадионды бастан-аяқ тексерді. Ол бізге 81 ескерту жасады. Бұл – өте көп», – деді ол.

Қайрат Боранбаев клуб барлық ескертуді бірден орындай алмағанын айтты. Дегенмен, белгілі бір жұмыстардың нәтижесінде ескертулердің саны 21-ге дейін қысқартылған.

УЕФА-ның негізгі талаптарының бірі – стадионға оның ресми сыйымдылығынан артық көрермен кіргізбеу. Сондай-ақ ұйым өкілдері өтетін жолақтарда көрермендердің тұруына қатаң тыйым салған.

Боранбаев қалаға жаңа стадион қажет екенін баса айтты. Оның сөзінше, Алматыға 30 мың орындық, инфрақұрылымы реттелген, күтімі тұрақты нысан жеткілікті болар еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам