Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Қайрат» «Нефтчи» клубынан ойсырай ұтылды

09.01.2026, 23:07

Қазір клу БАӘ-де оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

«Қайрат» «Нефтчи» клубынан ойсырай ұтылды
«Қайрат» ФК

Алматының «Қайрат» клубы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиындары аясында өткізген жолдастық кездесуде Бакудің «Нефтчиіне» есе жіберді.

Кездесу 0:3 есебімен аяқталды. Әзербайжандық клуб сапынан Агададаш Сальянский, Венсан Абубакар және Мурад Мамедов мергендік танытты.

Бұл матч алматылықтар үшін маусым алдындағы дайындықтың бір бөлігі болды. 

«Қайрат» келесі ойынын 14 қаңтарда өткізеді. Бұл жолы қазақстандық клубтың қарсыласы - Хорватияның «Вараждин» командасы.

Оқу-жаттығу жиындарынан кейін «Қайрат» елге оралады. 

20 қаңтарда алматылықтар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-тур аясында «Астана Аренада» Бельгияның «Брюгге» клубымен кездеседі. Ал 28 қаңтарда өтетін 8-турда«Қайрат» сырт алаңда Англияның атақты «Арсеналына» қарсы ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам