Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Джорджинаның әпкесі күйеу баласы Роналдудың шын бейнесін ашық айтты

16.01.2026, 14:37

Бір үстел басында отырғанда оның тоқтамай сөйлегенін қалаймын

Джорджинаның әпкесі күйеу баласы Роналдудың шын бейнесін ашық айтты
әлеуметтік желі

Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригестің үлкен әпкесі Ивана Родригес футбол жұлдызының алаң сыртындағы болмысы жайлы шынайы пікірін білдірді.

Жуырда Ивана Испанияның қоғамдық телеарнасы RTVE ұйымдастырған Top Chef: Sweets and Celebrities шоуының тұсаукесеріне қатысқан. Журналистермен сұхбат барысында ол Роналдудың күнделікті өмірдегі мінезі туралы ашық әңгімеледі.

Ивананың айтуынша, олар өздерін өте бақытты сезінеді:

«Бір үстел басында отырғанда оның тоқтамай сөйлегенін қалаймын. Әрбір айтқан ойын бойыма сіңіріп алатындай әсерде боламын», – деді ол.

Сонымен қатар, ол Роналдуды ең алдымен жақын туысындай қабылдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Ивана әзірге жұптың Кашкайштағы Кинта-да-Маринья ауданында орналасқан жаңа үйінде болып үлгермеген. Ерекше зәулім үйдің құрылысы ұзаққа созылып, жақында ғана аяқталған.

Роналдудың жетістіктері мен жеке өмірі

Криштиану Роналду – бес мәрте «Алтын доп» иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы және Еуропа чемпионы. Ол Англия, Испания және Италия ұлттық чемпионаттарында ең көп титул иеленген футболшылардың бірі саналады. Сондай-ақ, Роналду – ұлттық құрамалар деңгейінде тарихтағы ең үздік сұрмерген және Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан абсолютті рекордсмен.

Жақында ғана ол мансабындағы 1000-голдық межеге жақындай түсті.
Айта кетсек, Криштиану мен Джорджина 2016 жылдан бері бірге. Қазір олар бес баланы тәрбиелеп отыр: Криштиану-кіші, егіздер Ева Мария мен Матео, сондай-ақ қыздары Алана Мартина мен Белла Эсмеральда.

Өткен жылдың тамыз айында футболшы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Қазіргі таңда болашақ тойдың шамамен қашан өтетіні де белгілі болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам