Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

16.01.2026, 17:59

Ол бұған дейін де құрамамен жұмыс істеген. 

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды
instagram.com/kff_team_futsal

Рикардо Камара Собрал (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ол бразилиялық маман Рикардо Каканың орнын басты.

54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын баптады. Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жетті.

Какау клубтық деңгейде алматылық «Қайратта» сәтті жұмыс істеді. 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын иеленді. Бұған қоса, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алды. 

Кейін Какау Италияның «Наполи», Румынияның «Юнайтед Галати», Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.

Қазақстан футбол федерациясы Какауға ұлттық құрама тізгініндегі жұмысына сәттілік тілейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам