12 қаңтарда «Реал Мадрид» басшылары бас бапкер Хаби Алонсоны отставкаға жіберді
«ПСЖ» клубының бас бапкері Луис Энрике жақын күндері қызметінен кетіп, мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстауы мүмкін деп жазады Topskills Sports UK.
Дереккөздің мәліметінше, Энрике жаңа клубқа ауысуға дайын екенін мәлімдеген. Алайда, ол үшін клубтағы әрбір ойыншы оған толыққанды бағынуы керек. Сондай-ақ, трансферлік шешімдер де онымен келісілуі керек. Осы талаптар орындалса испандық маман Мадридке аттануға дайын.
Еске салайық, Луис Энрике Францияға келместен бұрын Испания чемпионатында жарқын өнер көрсетті. 2014-2017 жылдар аралығында ол «Барселонаның» бас бапкері болған. Каталондық клубпен Чемпиондар лигасын, Клубтық әлем чемпионатын, УЕФА Суперкубогін жеңіп, Испанияның екі дүркін чемпионы атанды, үш рет Испания кубогін, бір рет Суперкубогін иемденді.
2023 жылдан бастап ол «ПСЖ» клубын баптайды. Париждік ұжыммен Энрике Чемпиондар лигасын, Клубтық әлем чемпионатын, УЕФА Суперкубогін, Франция чемпионатын және кубогін жеңіп алды.
Маман Испания ұлттық құрамасында да бас бапкер болған.