Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Роналду 2025 жылы ең көп табыс тапқан спортшы атанды, Месси үшінші орында

17.01.2026, 09:27

Екінші орын кәсіпқой бокс жұлдызы Сауль Альвареске бұйырды

Роналду 2025 жылы ең көп табыс тапқан спортшы атанды, Месси үшінші орында
Yasser Bakhsh/Getty Images

2025 жылдың қорытындысына сәйкес, Криштиану Роналду ең көп табыс тапқан спортшылардың көшін бастады. 40 жастағы футболшы жылды 260 млн доллар табыспен жапқан. Оның 200 миллионы – өзі ойнайтын «Әл-Наср» клубынан алған жалақысы. Қалған 60 миллион доллар жарнамалық және демеушілік контрактілерден түсіпті.

Тізімнің екінші сатысында мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес тұр. Ол былтыр 137 миллион доллар иемденген. Оның 125 миллионын жекпе-жектеріне гонорар ретінде алса, қалған 12 миллионы  – жарнамалық контракт.

Ал, аргентиналық даңқты футболшы Лионель Месси 130 миллион доллар табыспен үшінші орынға жайғасқан. 60 миллион долларды ол «Интер Майами» клубынан алса, 70 миллион доллар демеушілік келесімшарттар негізінде түскен.

Ең табысты он спортшының тізімінде мыналар бар:

Хуан Сото (бейсбол, «Нью-Йорк Метс»), – 129,2 млн
Леброн Джеймс (баскетбол, «Лос-Анджелес Лейкерс») – 128,7 млн
Карим Бензема (футбол, «Әл-Иттихад») – 115 млн
Стефен Карри (баскетбол, «Голден Стэйт») – 105,4 млн
Сёхэй Отани (бейсбол, Лос-Анджелес Доджерс») – 102,5 млн
Кевин Дюрант (баскетбол, «Хьюстон Рокетс») – 100,8 млн)
Джон Рам (гольф) – 100,7 млн доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам