Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«УЕФА лицензиясын алмаған»: әкімдік «Қайсар-Аренаға» қатысты мәлімдеме жасады

17.01.2026, 12:25

Стадион былтыр қазан айында қолданысқа берілген.

«УЕФА лицензиясын алмаған»: әкімдік «Қайсар-Аренаға» қатысты мәлімдеме жасады
ҚФФ

Қызылорда облысы әкімдігінің Туризм және спорт басқармасы жаңа «Қайсар-Арена» стадионының УЕФА лицензиясынан өтпегені туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KazFootball.kz сайты жазды.

Басқарма мәліметінше, БАҚ беттерінде тараған стадион УЕФА тарапынан лицензия алмаған деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желі парақшаларында Қызылорда қаласындағы жаңа «Қайсар-Арена» стадионы УЕФА лицензиясынан өтпеді деген мазмұнда ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәлімет бұрмаланған және нақты жағдайға сәйкес келмейді.

Жобалық шешімдерге сәйкес, Қызылорда қаласындағы жаңа стадион Қазақстан футбол федерациясының лицензиясын алған және УЕФА-ның UEFA Time сертификаттау бағдарламасына 4-санаттағы стадион ретінде енгізілген. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында да көрсетілген. УЕФА-ның 2018 жылғы «Стадион инфрақұрылымы регламентіне» сәйкес, 4-санат - стадиондарға берілетін ең жоғары санат», - делінген басқарманың хабарламасында.

Сонымен қатар УЕФА өкілдерінің стадионды тікелей тексеруі стандартты процедуралық кезең екені атап өтілді. Аталған инспекцияны өткізу 2026 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Қайсар-Арена» стадионының ойын алаңы ФИФА талаптарына сәйкес тексеруден өтіп, ең жоғары деңгейдегі - FIFA Quality Pro сертификатын алған. Бұл сертификат аренаның халықаралық матчтарды қабылдауға толық мүмкіндік беретінін растайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам