Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Пенальти және сенсациялық жеңіліс: Чесноковтың «Хартстағы» дебюті қалай өтті

Бүгін, 10:01

Ол алаңға 77-минутта шықты.

Пенальти және сенсациялық жеңіліс: Чесноковтың «Хартстағы» дебюті қалай өтті
Paul Devlin/SNS Group via Getty Images

17 қаңтардан 18 қаңтарға қараған түні «Хартс» Шотландия кубогындағы жорығын аяқтады. 1/16 финал кезеңінде команда «Фалкиркке» жол берді.

Бұл кездесу алаң иелері үшін оңай болмады. 59-минутта қақпасына гол жіберіп алған «Хартс» турнирмен ерте қоштасудың алдында тұрған. Алайда бас бапкер 77-минутта алаңға қазақстандық Ислам Чесноковты шығарған соң, команданың ойыны түрленіп шыға келді.

Чесноков ұжымның қапталдағы қарқынын күшейтіп, қарсыластың айып алаңында қысымды арттырды. Сондай шабуылдардың бірінде қарсылас Чесноковқа қарсы ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. 85-минутта Лоренс Шенкленд он бір метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

Қосымша уақытта есеп өзгеріссіз қалды. Келесі кезеңге өтетін команданың тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл кезеңде «Фалкирк» ойыншылары 5:4 есебімен басым түсті.

Шотландия кубогы. 1/16 финал

«Хартс» – «Фалкирк» – 1:1

Голдар:

Паркинсон, 59 (0:1).

Шенкленд, 85 – пенальтиден (1:1).

Пенальти сериясы: 4:5.

Айта кетейік, «Хартс» келесі кездесуін 25 қаңтарда өткізеді. Команда бұл жолы «Селтикпен» өзара кім мықтыны анықтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам