Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Челси» өкілдері Алматыға келді

19.02.2026, 20:32

Олар Дастан Сәтпаевпен жұмыс істеп жатыр. 

«Челси» өкілдері Алматыға келді
© AP Photo / Matt Dunham

Лондонның «Челси» клубының өкілдері Алматыдағы «Қайрат» командасының базасына келді. Бұл туралы клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

«Алматыда «Челси» мамандарын қарсы алғаныма қуаныштымын. Алекс пен Сэм «Қайраттың» оқу-жаттығу базасында біздің бапкерлер құрамымен бірлесіп нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар Дастан Сәтпаевтың оңалту үдерісін де жеке талқыладық. Британиялық мамандар оның қалыпқа келуіне көмектесіп қана қоймай, алаңда да, жаттығу залында да дене дайындығы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Дастанның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Көптен күткен жаңа маусым жақын қалды», – деп жазды Боранбаев Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 17 жастағы Дастан Сәтпаевтың «Қайраттан» «Челсиге» ауысуы жөніндегі ресми келісім 2025 жылғы 10 ақпанда расталған. Жас шабуылшы 18 жасқа толғаннан кейін, яғни 2026 жылдың тамыз айында лондондық клубқа қосылады. Трансфер құны шамамен 4 миллион еуроға бағаланып отыр.

Қазір Сәтпаев жарақатынан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Ол соңғы рет былтырғы қарашада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда «Копенгаген» командасына қарсы ойында (2:3) алаңға шығып, бір гол соққан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам