Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Левандовски «Барселонадан» кетеді: футболшының агенті өзге клубтармен келіссөздер жүргізіп жатыр

06.03.2026, 17:37

Оның клубпен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. 

Левандовски «Барселонадан» кетеді: футболшының агенті өзге клубтармен келіссөздер жүргізіп жатыр
© David Ramos / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

«Барселона» клубының шабуылшысы Роберт Левандовскидің ұжымдағы болашағы қызу талқыланып жатыр.

Поляк футболшысының клубпен жасалған келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Алайда клуб басшылығы оны ұзартуды жоспарлап отырған жоқ. Есесіне өзге клубтар тәжірибелі форвардқа көз тігіп отыр, тіпті жоғары жалақы ұсынған ұжымдар да бар көрінеді.

El Nacional басылымының мәліметінше, Левандовскидің агенті Пини Захави АҚШ-тың MLS лигасында өнер көрсететін «Чикаго Файр» және «Лос-Анджелес» клубтарының өкілдерімен алғашқы келіссөздерін жүргізген. Бұл командалар поляк шабуылшысын қатарында көргісі келеді.

Сондай-ақ Левандовскидің жақын достары – Марко Ройс пен Томас Мюллердің де осы лигадағы клубтарда ойнауы футболшының Катар немесе Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстардан бас тартып, АҚШ-қа бет бұруына ықпал етуі мүмкін.

Егер Левандовски командадан кететін болса, «Барселона» президенті Жоан Лапорта мен спорттық директор Деку негізгі шабуылшы іздеуге мәжбүр болады. Қазіргі құрамда орталық форвард позициясында Ферран Торрес қана қалуы мүмкін, алайда ол әзірге шабуыл шебінің негізгі көшбасшысы атануға дайын екенін дәлелдей алған жоқ.

Ал трансферлік тізімдегі Хулиан Альварес, Харри Кейн немесе Эрлинг Холанд секілді танымал ойыншыларды сатып алуға клубтың қаржылық жағдайы мүмкіндік бермей отыр.

Дегенмен Левандовскидің командалас әріптестері оған сенім артып, құрамда қалғанын жөн көреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам