Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мессидің «Интер Майамиде» қанша жалақы алатыны анықталды

07.03.2026, 21:31

Ол клуб сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетеді.

Мессидің «Интер Майамиде» қанша жалақы алатыны анықталды
«Интер Майами» ФК

Аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің АҚШ-тың «Интер Майами» клубымен жасасқан келісімшартының қаржылық шарттары белгілі болды.

Клуб иесі Хорхе Масаның айтуынша, аргентиналық жұлдыз бонус төлемдерін қоса есептегенде жылына шамамен 60-70 миллион еуро табыс табады. Функционердің сөзінше, Месси мұндай жалақыға әбден лайық.

«Мен Мессиге жылына 60–70 миллион еуро төлеймін. Барлық бонустарды қосқанда осындай сома шығады. Бірақ ол әр тиынына лайық футболшы», – дейді Хорхе Маса.

Бұдан бөлек, келісімшарт талаптарына сәйкес Месси матч трансляциялары көрсетілетін Apple TV платформасынан түсетін табыстың белгілі бір үлесін алады. Сондай-ақ MLS лигасының Adidas компаниясымен серіктестігінен түсетін кірістің бір бөлігі де аргентиналық футболшыға тиесілі.

Келісімнің тағы бір маңызды тармағы бойынша, футболшы ретінбе мансабын аяқтағаннан кейін Месси «Интер Майами» клубының акционерлерінің бірі атана алады.

Осылайша, Месси қазіргі таңда әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылардың ішінде екінші орында тұр. Бірінші орында - саудиялық «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду, оның жылдық табысы шамамен 200 миллион еуроны құрайды.

Еске сала кетейік, Лионель Месси «Интер Майами» клубына 2023 жылдың жазында ауысқан. Содан бері ол Флорида клубы сапында барлық турнирде 90 матч өткізіп, 79 гол соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам