Бір минуттық үнсіздік кезінде фанаттар «Палестинаға бостандық» деп айқайлаған
Ағылшын Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Ливерпуль» мен «Эвертон» клубтары кездескен болатын. Алаң иелерінің фанаттары АПЛ тыйымына қарамастан стадионға Палестинаның туын алып кіріп, Газа секторындағы қантөгісті тоқтатуды талап етті деп жазады GB News.
Ал, Olt Sports порталының жазуынша, ойын алдындағы бір минуттық үнсіздік кезінде жанкүйерлер «Палестинаға бостандық» деп ұрандатқан.
Сонымен қатар, стадион трибунасында «Құдай үшін, Газаны құтқарыңдар» деген баннер ілінген.
Айта кету керек, 19 қазанда АПЛ стадиондарға Израиль мен Палестинаның туларын алып кіруге тыйым салған болатын.