Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Реалдың» бас бапкері бұрын-соңды болмаған антирекорд жасады

11.04.2026, 09:41

Енді оның орнына Франция ұлттық құрамасын жаттықтыратын Диьде Дешамның кандидатурасы қарастырылып жатыр

«Реалдың» бас бапкері бұрын-соңды болмаған антирекорд жасады
Getty Images

Футболдан Испания чемпионатының соңғы турлары интригасыз өтетін сияқты. Өйткені, чемпиондыққа таласады деген «Реал Мадрид» соңғы бірнеше ойында ұпай жоғалтып, басты қарсыласы – «Барселонадан» көз жазып қалды.

Ла Лиганың 31-турында Альваро Арбелоа баптайтын корольдік клуб өз алаңында «Жиронаны» қабылдап, 1:1 есебімен тең тарқасты. Осылайша, «Реал» соңғы 20 матчта өз қақпасына 24 гол жіберіп, бұрын-соңды болмаған антирекорд орнатты. Яғни, мұндай нашар көрсеткіш соңғы бір ғасырда Арбелоадан басқа ешбір бапкердің кезінде болмаған.

Бұған дейін RMC Sport басылымы хабарлағандай, «Реал» басшылары бас бапкерді ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр. Арбелоа бұл қызметке биыл қаңтар айында ғана кіріскен болатын. Енді оның орнына Франция ұлттық құрамасын жаттықтыратын Диьде Дешамның кандидатурасы қарастырылып жатқан көрінеді. Француз маманы биыл әлем чемпионатын өткізгеннен кейін ұлттық құрамадан кетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам