Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Астана» легионері арыққа құлап, басын 15 жерден тікті: Бабаян мән-жайды түсіндірді

Бүгін, 11:25

Бапкердің сөзінше, футболшы кешкі астан кейін серуен кезінде абайсызда арыққа құлап кеткен.

«Астана» легионері арыққа құлап, басын 15 жерден тікті: Бабаян мән-жайды түсіндірді
"Астана" клубының баспасөз қызметі

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян хорватиялық қорғаушы Бранимир Калайцаға қатысты күтпеген оқыс оқиға жайлы айтып берді.

Бапкердің сөзінше, футболшы кешкі астан кейін серуен кезінде абайсызда арыққа құлап кеткен.

«Бұл ешқандай құпия емес. Қалай жазылды, солай болды. Бранимир Алматыда Томасовпен бірге кешкі астан кейін қонақүй маңында серуендеп жүрген. Қараңғы болған. Ол телефонмен сөйлесіп тұрып, бір қадам оңға жасаған, ал ол жерде жар бар екен. Содан арыққа құлап кеткен», – деді Бабаян.

Сондай-ақ, бапкер Алматыдағы самокаттарды сынап көрмек болды деген әңгімелерді жоққа шығарды.

«Жоқ, жоқ. Ол құлап, есінен танып қалды. Біз бәріміз жанында болдық. Қасынан өтіп бара жатқан Кәрімов пен оператор көмектесті. Кейін жедел жәрдем келді. Түнгі екі-үшке дейін жарасын тікті. Басынан қатты жарақат алды, шамамен 15 тігіс салынды», – деп нақтылады ол.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында «Астана» «Ордабасы» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам