Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Біз Сәтпаевқа Қазақстандағы соңғы күніне дейін сенім артамыз - Рафаэль Уразбахтин

14.04.2026, 18:35

Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін лондондық «Челси» клубына ауысады

Біз Сәтпаевқа Қазақстандағы соңғы күніне дейін сенім артамыз - Рафаэль Уразбахтин
ФК "Қайрат"

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин алдағы құрамдық өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

ASnews.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, маман Дастан Сәтпаевтың Англияға кетуі мүмкін екендігін ескере отырып, трансферлік жоспарларын пысықтап жатыр.

«Біз Сәтпаевқа Қазақстандағы соңғы күніне дейін сенім артамыз. Дегенмен оның жақын арада кететінін түсінеміз, сондықтан командаға лайықты алмастырушы қажет болады. Дастанның кетуі — айтарлықтай шығын. Бұған қоса, жаз мезгілінде бірқатар ойыншылардың жалға алу келісімдері аяқталады. Осыған байланысты тиісті шешімдер қабылдаймыз», — деді Уразбахтин.

Айта кетейік, «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін лондондық «Челси» клубына ауысуы мүмкін. Қазақстан құрамасының ойыншысы 12 тамыз күні туған күнін атап өтеді.

Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Тобылға» қарсы өткен кездесуде (1:1) Сәтпаев «Қайрат» сапында бір голмен көзге түсті. Жалпы, ол 48 матчта 22 гол соғып, 9 нәтижелі пас авторы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам