Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қабылдау оңай емес»: Макрон Францияның жеңілісіне пікір білдірді

Бүгін, 15:13

Ол ұлттық құрама футболшыларына алғыс айтты

«Қабылдау оңай емес»: Макрон Францияның жеңілісіне пікір білдірді
Getty images

Франция президенті Эммануэль Макрон 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан жеңілген ұлттық құраманың ойынына қатысты пікір білдірді.

«Финалға шыққан Испания құрамасын құттықтаймын! Франция құрамасының футболшыларына ел намысы үшін жан аямай күрескендері үшін алғыс айтамын. Бұл жеңілісті қабылдау оңай емес, бірақ біздің команда жас әрі болашағы зор», — деп жазды Макрон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Луис де ла Фуэнте баптайтын Испания құрамасы жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Енді Испания әлем чемпионатының финалында Англия мен Аргентина арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Матч 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам