Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық футболшы «Барселонамен» ресми түрде келісімшартқа қол қойды

16.07.2026, 20:15

Ол мансабын атақты «Ла Масия» академиясында жалғастырады

Қазақстандық футболшы «Барселонамен» ресми түрде келісімшартқа қол қойды
instagram.com/k.mendikanov

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 15 жастағы вингері Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі «Барселона» клубымен ресми түрде үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Осылайша, қазақстандық футболшы мансабын каталониялық клубтың атақты «Ла Масия» академиясында жалғастырады.

Бұған дейін Mundo Deportivo басылымы Кәрім Меңдіқановтың «Барселонамен» үш жылдық келісімге келгенін хабарлаған еді. Енді бұл ақпарат ресми түрде расталды.

«Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды Кәрім Меңдіқанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кәрім Меңдіқанов 2022 жылы Испанияға қоныс аударып, футболдағы жолын Каталонияда бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам