Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Елімай» армян клубынан жеңіліп, еурокубоктегі жорығын бастамай жатып аяқтады

16.07.2026, 23:11

Қатар өткен ойында "Астана" да ойсырай жеңіліп, турнирді аяқтады

«Елімай» армян клубынан жеңіліп, еурокубоктегі жорығын бастамай жатып аяқтады
ФК "Елімай"

«Елімайдың» еурокубоктегі дебюті сәтсіз аяқталды. Конференция лигасы іріктеу кезеңінің бірінші айналымында армениялық «Алашкертпен» кездескен семейлік клуб екі ойын нәтижесінде жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Ереванда өткен бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Қарымта ойында да дәл осы есеп тіркеліп, жеңімпаз матчтан кейінгі пенальтиде анықталды.

Ойынның небәрі 4-минутында қонақтар есеп ашып кетті, гол авторы – Момо Туре. Алайда, «Елімай» ойыншылары тез есін жиып, 11-минутта таразы басын теңестірді, дәл соққымен көзге түскен – Акмаль Бахтияров.

Экстра-таймда қос команда тағы бір-бірден гол соқты. Алдымен «Елімай» сапынан Хрвое Илич 11 метрлік айып добын дәл орындаса (96-минут), 121-минутта семейлік клуб қоғаушысы Хигор Габриэл өз қақпасына гол соғып алды.

Ал, матчтан кейінгі пенальтиде «Алашкерттің» жолы болды, есеп – 6:5.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам