Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Аргентина бапкері: Ямальды бөлмесіне қамап қойған дұрыс

Бүгін, 11:36

Скалони футболшының талантына жоғары баға берді

Аргентина бапкері: Ямальды бөлмесіне қамап қойған дұрыс
Getty images

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы қарсаңында Испанияның жас жұлдызы Ламин Ямаль туралы ерекше пікір білдірді.

Журналистердің Ямальды қалай тоқтатуға болатыны жөніндегі сұрағына Скалони әзілмен жауап беріп, сонымен бірге қарсылас ойыншының талантына жоғары баға берді.

«Ямальды қалай тоқтатуға болады? Оны бөлмесіне қамап қойған дұрыс шығар! Ол – керемет футболшы, футболдың нағыз қазынасы. Әлі өте жас, ал оның алда бағындыратын белестері көп», – деді аргентиналық маман.

2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр.

Жартылай финалда Испания Францияны 2:0 есебімен жеңіп, финалға шықса, Аргентина Англияны 2:1 есебімен жеңіп, шешуші кездесуге жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам