Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Месси финалдағы жеңілістен кейін Испанияның мықтылығын мойындады

20.07.2026, 09:47

Ол құраманың бар күшін салғанын атап өтті

Месси финалдағы жеңілістен кейін Испанияның мықтылығын мойындады
Getty images

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалындағы жеңілістен кейін пікір білдірді.

Тәжірибелі футболшы шешуші кездесуде Испания құрамасының жақсырақ ойнағанын ашық мойындады.

«Көңілім түсіп тұр. Бірақ біз бар күшімізді салғанымызды түсінемін. Шынымды айтсам, олар бізден мықты болды. Біз жеңілдік және оны қабылдаймыз. Алайда бұл осы уақытқа дейін жасаған еңбегімізді ұмытамыз деген сөз емес. Сондықтан жанкүйерлеріме, командаластарыма және еліме алғыс айтқым келеді», — деп келтіреді Мессидің сөзін ESPN.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, шешуші матчта Испанияға жол берді. Ал Испания құрамасы турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам